Previous Page  96 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

96

Бұл айтылғандар сұқ саусақты дұға айтылып біткен-

ше көтерудің мәкрүһ амал екендігіне байланысты

мәзһаб ғұламаларының берген жауабы. Сұқ саусақты

дұға айтылып біткенше көтерудің қажеті жоқтығына,

тек Алланың бір екендігіне ишарат жасалатындығына

байланысты сахих Мүслімде ибн Омардан мынандай

хадис риуаят етілген:

عن عَلِيِّ بن عبد الرحمن الْمُعَاوِيِّ أَنَهُ قال رَآنِي عبد اَِ بن عُمَرَ وأنا

َِ أَعْبَثُ بِالْحَصَى في الص ََةِ فلما انْصَرَفَ نَهَانِي فقال اصْنَعْ كما كان

ُ رسول اَِ صلى الله عليه وسلم يَصْنَعُ فقلت وَكَيْفَ كان رسول ا

صلى الله عليه وسلم يَصْنَعُ قال كان إذا جَلَسَ في الص ََةِ وَضَعَ كَفَه

الْيُمْنَى على فَخِذِهِ الْيُمْنَى وَقَبَضَ أَصَابِعَهُ كُلَهَا وَأَشَارَ بِإِصْبَعِهِ التي تَلِي

.ا ِْبْهَامَ وَوَضَعَ كَفَهُ الْيُسْرَى على فَخِذِهِ الْيُسْرَى

Әлі ибн Әбдіррахман әл-Муъауий былай деді:

«Абдулла ибн Омар менің намазда ұсақ тастармен

ойнап отырғанымды көрді. Намаз біткен соң ол мені

бұл істен тыйды да: «Алла елшісінің істегеніндей

істе!» – деді. Мен: Алла елшісі қалай жасайтын

еді? – дедім. Ол былай деді: «Алла елшісі намазда

отырған кезде оң алақанын оң санының үстіне қойып,

саусақтарын жиып, сұқ саусағымен ишарат ететін.

Ал, сол алақанын сол санының үстіне қоятын»

194

.

194

Сахих Мүслім, 1-том, 408-бет. «Дәру Ихиа`ит-турасил-араби» баспасы,

Бәйрут.