Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
85
«Әттәхият» отырысы
1. Намаздың соңғы отырысында «тәшәһһуд
(әттәхият)» дұғасы оқылатындай уақыт отыру –
парыз
168
.
Ал, «тәшәһһуд» дұғасын оқу – уәжіп.
Хадис кітаптарында айтылғандай Алла елшісі са-
хаба Абдулла ибн Мәсғудтың қолынан ұстап алып,
оған тәшәһһуд дұғасын үйретеді. Сосын былай дейді:
«Егер, осыны айтсаң, намазды өтеген боласың. Одан
соң тұрғың келсе тұр, тұрғың келмесе әрі қарай отыр»,
- деген
169
.
Осы хадиске үңіліп қарасақ, намаз толық өтелді
деуіміз үшін ең кемі «тәшәһһуд» дұғасындай отырған
болуымыз керек екен. Хадистің арапша нұсқасы төмен-
дегідей:ّ
ُّ عن القاسم بن مخيمرة قال قَالَ : أَخَذَ عَلْقَمَةُ بِيَدَيّ فَحَدّثَنِي : “ أَن
ْ عَبْدَ اِّ بْنَ مَسْعُودٍ رَضِيَ اُّ عَنْهُ أَخَذَ بِيَدِهِ ، وَأَنّ رَسُولَ اِّ صَلّى ا
ْ عَلَيْهِ وَسَلّمَ أَخَذَ بِيَدِهِ وَعَلّمَهُ التّشَهّدَ ، فَذَكَرَ التّشَهّدَ عَلَى مَا ذَكَرْنَا عَن
َ عَبْدِ اِّ فِي بَابِ التّشَهّدِ ، وَقَالَ : فَإِذَا فَعَلْتَ ذَلِكَ ، أَوْ قَضَيْتَ هَذَا فَقَد
تَمّتْ صَلاتُكَ ، إِنْ شِئْتَ أَنْ تَقُومَ فَقُمْ ، وَإِنْ شِئْتَ أَنْ تَقْعُد
2.
Төрт және үш рәкәғатты намаздардың екінші
рәкәғатынан кейін отыру – уәжіп
170
.
Мұны «әуелгі
отырыс» деп те атайды.
168
Шүрунбүләли: Имдәдуль Фаттах – 241 бет.
169
Шәукәни: Нилуль Әутар - №802 хадис.
170
Бахрур-Раиқ – 1/524-бет.