Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
78
Сәжде
Рүкүғтан бас көтеріп: «Сәмиғаллаһу лиман хами-
даһ» деп, толықтай тіктелген соң «Раббәнә ләкәл хамд»
дейді. Содан кейін сәждеге барады. Сәжде жасау –
парыз
145
.
Сәжде мына төмендегі ретпен орындалады
146
:
1.
«Аллаһу әкбар» деп алдымен тізерлейді, содан
кейін қолын жерге тигізеді. Екі қол арасына маң-
дайын қояды.
Бұл жайында әл-Хаким ән-Нисабури
өзінің «әл-Мүстәдрак» атты кітабында риуаят еткен
хадисте сахаба Әнәс былай деген:
ِ عن أنس قال: رَأَيْتُ رَسُولَ اَِ صَلَى اَُ عَلَيْهِ وَسَلَمَ كَبَرَ فَحَاذَى
بِإِبْهَامَيْهِ أُذُنَيْهِ ثُمَ رَكَعَ حَتَى اسْتَقَرَ كُلُ مَفْصِلٍ مِنْهُ ، وَانْحَطَ بِالتَكْبِير
حَتَى سَبَقَتْ رُكْبَتَاهُ يَدَيْهِ. رواه الحاكم. (إسناده صحيح، و لا أعرف
)له علة
«Мен Пайғамбарымыздың тәкбір алғанда екі бас-
бармағын құлақ тұсына келтіргенін көрдім. Кейін
буындарын толықтай орнықтырып рүкүғ жасады.
Сосын «Аллаһу әкбәр» деді де, қолынан бұрын тізесін
қойып (сәждеге) барды»
147
.
Бұл риуаят жайында аталмыш хадисші ғалым былай
дейді: Бұл - Бухари мен Мүслімнің хадис қабылдау
145
Тирмизи, №272 хадис. Сахих; Бұхари, №812 хадис.
146
Тахмаз, әл-Фиқһул Ханафи, 1/223-бет.
147
әл-Хаким, Мүстадрак – 1/349-бет, (149) 822-хадис.