Previous Page  79 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

79

шарттарына сай «сахих» жолмен келген. Ол хадистен

қандай да бір мін таппадым.

Тағы бір хадисте Уәйл ибн Хужр былай деген:

عن وائل بن حجر قال: رأيتُ رسول الله (صلى الله عليه و سلم) إذا

سجد يضَعُ ركبتيه قبلَ يديه، وإذا نهضَ رفع يديه قبلَ رُكبتيه.رواه

)الترمزي (هذا حديث غريب حسن

«Мен Пайғамбарымыздың сәждеге барарда қолда-

рынан бұрын тизесін жерге тигізгенін (тізерлегенін)

көрдім. Ал, сәждеден тұрарда тізеден бұрын қолын

көтеретін еді»

148

.

(Хасан).

Имам Байһақи өзінің «әс-Сүнәнүл-кубра» атты

хадис жинағында былай дейді:

وَرُوِّينَا عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطّابِ ، وَعَبْدِ اِّ بْنِ مَسْعُودٍ ، فِي وَضْعِ “

.”الرّكْبَتَيْنِ قَبْلَ الْيَدَيْنِ مِنْ فِعْلِهِمَا

«Омар ибн әл-Хаттаб пен Абдулла ибн Мәс-

ғудтың (сәждеге барарда) алдымен тізелерін қоятын-

дықтары бізге риуаят етілді»

149

.

2.

Сәждеге барған кісі екі қолдың арасына маң-

дайын қойып, мұрнын жерге тигізеді. Қол құлақ

тұсында болады

150

.

Бұған дәлел:

148

Тирмизи –1\273-бет, 268-хадис. Хадис ғариб-хасан; Әбу Дәуіт – 2/130-

бет, №839 хадис. Хасан; Ибн Мажә – 882.

149

Байхақи – 2/143-бет.

150

Ихтияр, – 1/177-бет.