Previous Page  55 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

55

4. Фатихадан кейін оқылатын қосымша сүренің басында

«бисмилланы» айтудың қажеті жоқ. Бұл Имам Ағзам

Әбу Ханифа мен Имам Әбу Юсуф бойынша. Ал, Имам

Мұхаммедтің тұжырымына қарағанда, іштей оқылатын

намаздарда қосымша сүренің алдында да бисмилланы айту

абзал

98

.

5. Намазда «сәнә» дұғасы және «әғузу» мен «бис-

миллә» үнемі іштей айтылуы тиіс. Өйткені, бізге Пай-

ғамбарымыздан солай жеткен.

َ

ُ عَنْ قَتَادَةَ عَنْ أَنَسٍ قَالَ صَلّيْتُ خَلْفَ رَسُولِ اِّ صَلّى اُّ عَلَيْهِ وَسَلّم

ِ وَأَبِي بَكْرٍ وَعُمَرَ وَعُثْمَانَ رَضِيَ اُّ عَنْهُمْ فَلَمْ أَسْمَعْ أَحَدًا مِنْهُمْ يَجْهَر

بِسْمِ اِّ الرّحْمَنِ الرّحِيم

Сахаба Әнәс ибн Мәлік (р.а.) былай дейді:

«Мен Пайғамбарымыздың, Әбу Бәкірдің, Омардың

және Османның артында тұрып намаз оқыдым.

Олардың ешқайсысынан «бисмилләны» жария етіп

оқығанын естіген жоқпын»

99

.

98

Әл-Марғинани, әл-Хидая – 1/121 бет. (әл-Биная – 2/208 бет)

99

Нәсәи (Суюти шархы): 2/135 бет, №907 хадис.