Previous Page  50 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

50

3.

«Тақайтын еді»

және

«көретін едім»

деген тір-

кестерден байқағанымыздай сөйлем өткен шақта

айтылған. Яғни, сол кезден кейін ешкім аталмыш

әрекетті қайталамаған. Бұл жайында әйгілі ғұлама

хадисші Ибн Хажар әл-Асқалани (Хижри 773-852 ж.)

«Сахих Бухари» атты хадистер жинағына жазған түсін-

дірмесінде, сахаба Әнәс (р.а.) риуаят еткен аталмыш

хадиске түсініктеме беру барысында былай дейді:

قوله: “وكان أحدنا إلخ” وأفاد هذا التصريح ان الفعل المذكور كان

في زمن النبي صلي الله عليه وسلم

«Әнәстің

«арамыздағы кейбіреулер»

деген сөзі –

әлгіндей жағдай тек Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

тұсында ғана болғанын айғақтайды»

90

.

4. Алла елшісінің (с.а.у.) ешбір хадисінде «аяқтарың-

ды бір-біріне тигізе тақаңдар» деген әмір жоқ. Бұның өзі

сол істің шариғат талабы емес екендігін анық білдіреді.

90

Асқалани, Фатхул Бари – 76-баб/725-хадис түсіндірмесі.