Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
49
Сахаба Нұғман жоғарыдағы хадисті риуаят еткен
соң өз сөзімен
فلقد رايت الرجل منا«
–
Шындығында, біздің
арамыздан «кейбіреулер» тобығын өзгенің тобығына
тигізе тақайтынын көретінмін...»
десе, сахаба
Әнәс хадисті риуаят еткеннен кейін: «
– وكان احدنا يلزق
арамызда
«кейбіреуі»
иығын қатарлас адамның иығына,
ал тобығын тобығына тигізетін» - деп, өзінің сөзін
қоса айтқан. Яғни, бұл – хадис емес, жеткізуші рауи
сахабаның сөзі.
Аты аталған сахабалардың сөздері намазда аяқты
алшақ ұстау керектігіне негіз бола алмайды. Неге
десеңіз, қос сахаба жеткізген хадистерді зер салып
қараған адам мынадай тоқтамға келеді:
1. Сахаба Әнәс риуаят еткен хадисті Әбу Һұрайра да
риуаят еткен
89
. Алайда, ол «аяқтарын тақайтын» деген
сөзді қолданбаған. Ендеше, осы хадисті естіген Әбу
Һұрайраның қасында тұрғандар аяқтарын тақамайтын.
2. Қос сахабаның «кейбіреуі» деген сөздерін бөліп-
жарып, әдейі тырнақшаның ішіне алып айтуымыздан
аңғарғандарыңыздай, ол сөз – сахабалардың барлығы
бірдей аяқтарын бір-біріне тигізе тақамағандығына
дәлел бола алады. Егер Пайғамбарымыздың бұйырған
бұйрығы болса, яки, Өзі жасаған ісі болса, өзге саха-
балар да солай етер еді. Себебі, Алланың елшісі: «Мен
қалай намаз оқыған болсам, сендер де солай оқыңдар»,
– деген.
89
Һәйсәми, Мәжмәғуз-Зәуаид – 1/202-бет, №2493 хадис. Бұл хадисті
жеткізу тізбегі қуатты.