Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
44
«Алла елшісі бір күні бізге: «Періштелердің Раб-
быларының құзырында сапқа тұрғанындай сапқа
тұрмайсыңдар ма?» – деді. Біз: «Уа, Алланың елшісі,
періштелер Раббыларының құзырында сапқа қалай
тұрады?» – деп, сұрадық. Алла елшісі: «Алдыңғы қа-
тарды толтырмай тұрып, келесі қатарға өтпейді
және сапта бір-бірімен тығыз (жақын) тұрады»
82
.
Ибн Омардан риуаят етілді:َ
عن ابن عُمَرَ أَنَ رَسُولَ اَِ صلى الله عليه وسلم قال أَقِيمُوا الصُفُوف
وَحَاذُوا بين الْمَنَاكِبِ وَسُدُوا الْخَلَلَ وَلِينُوا بِأَيْدِي إِخْوَانِكُمْ ولا تَذَرُوا
فُرُجَاتٍ لِلشَيْطَانِ وَمَنْ وَصَلَ صَفًا وَصَلَهُ اُّ وَمَنْ قَطَعَ صَفًا قَطَعَهُ الله
«(Алла одан разы болсын!) Алла елшісі былай деді:
«Саптарыңтүзу болсын, иықтарыңдытүйістіріңдер,
араларыңда бос орын қалмасын. Араларыңдағы бос
кеңістікті толтырғысы келген кісіге сығылысып,
орын беріңдер немесе сапты түзеуге әрекет еткен
адамның қолын қақпай, оларға жұмсақ болыңдар.
Шайтанға бос жер қалдырмаңдар. Кім бос орынды
толтыру үшін сапқа тұрса, Алла онымен жақсы
мәміледе болады. Ал, кім де кім сапты үзсе, Алла да
одан рақымын, нығметін үзеді»
83
.
Бараа ибн Ъазибтан риуаят етілді. Ол былай деді:
82
Сүлеймен Ибнул-Әшъас Әбу Дәуіт ас-Сажистани, Сүнану Әбі Дәуіт,
1-том, 177-бет. «Дарул-фикр» баспасы.
83
Сүлеймен Ибнул-Әшъас Әбу Дәуіт ас-Сажистани, Сунану Аби Дәуіт,
1-том, 177-бет. «Дарул-фикр» баспасы.