Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
43
Намазда аяқ арасын қаншалықты
ашып ұстау керек?
Ислам
–
мұсылмандарды белгілі бір тәртіпке тәр-
биелейтін дін. Рухтың бірлігіне көңіл аударғаны тәрізді
сыртқы көрініске де аса мән береді. Себебі, жүйесіз
әрекет рухтың шыңдалуына көлеңкесін түсіріп, ішкі
үйлесімділікті бұзатыны ақиқат. Мына әлемде бәрі
бір-бірімен байланысты болғандықтан бұл өз кезегінде
сыртқы көрініске де кері әсерін тигізбей қоймайды.
Сондықтан болар, Алла Елшісі жамағатпен оқылған
намазда саптың түзу болуына әрі арада бос жер қал-
мауына, сондай-ақ, саптың толық болуына айрықша
көңіл бөлетін. Бұл жайлы Хақ елшісінің (с.а.у.) бірқатар
хадистеріне назар аударайық:
ِ عن أبي هُرَيْرَةَ عن النبي صلى الله عليه وسلم أَنَهُ قال: وَأَقِيمُوا
الصَفَ في الص ََةِ فإن إِقَامَةَ الصَفِّ من حُسْنِ الص ََة
«Саптарың түзу болсын. Саптың түзулігі
намаздың көркемдігінен»
81
.
Жабир ибн Сумрадан риуаят етілді:
عن جابرِ بنِ سَمُرةَ، قال: خرَجَ علينا رسول اَ - صلى الله عليه
َ وسلم -، فقال:”ألا تصفون كما تصفُ الملائكةُ عِندَ ربِّها؟ فقلنا: يا
ِّ رسول ا َ، وكيف تصفُ الملائكةُ عِندَ ربِّها؟ قال: “يُتِمُون الصفوف
”الولَى، ويتراصُون في الصف
81
Сахихул-Бұхари. 1-том, 253-бет. «Дәру Ибни Кәсир баспасы», Бәйрут,
1987 ж