Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
48
Намазда талтайып тұру қайдан шыққан?
Бүгінде мұсылмандардың арасында пайда болған
«сәләфизм» бағытындағылар намаз оқып тұрған сәт-
терінде аяқ арасын тым алшақ ұстап, талтайып тұрады.
Олар аталмыш әрекеттеріне дәлел ретінде сахаба
Нұғман ибн Бәшир және Әнәс ибн Мәліктен жеткен ри-
уаятты көлденең тартып, оны сүннет деп есептейді.
Алайда, аты аталған ардақты сахабалардың риуаят
еткен деректі талдайтын болсақ, намазда әлгіндей
тұрудың қате екеніне көз жеткіземіз.
Ендеше, бұл риуаяттарға аз-кем талдау жасап кө-
релік. Нұғман ибн Бәшир және Әнәс ибн Мәліктен жет-
кен риуаят төмендегідей:
ِ النعمان بن بشير:فقال(صلى الله عليه و سلم):اقيموا صفوفكم ثلاثا...
.رَأَيتُ الرّجُلَ مِنّا، يُلزِق ُكَعبَهُ بِكَعبِ صَاحِبِه
عن أنس، عن النبي (صلى الله عليه و سلم) “أقيمُوا صُفُوفَكُم، فإنِّي
ِ أَرَاكُم مِن وَرَاءِ ظَهري.” وَ كَانَ أَحَدُنَا يُلزِقُ مَنكَبَهُ بِمَنكَبِ صَاحِبِهِ، و
.قَدَمَهُ بِقَدَمِه
Сахаба Нұғман Пайғамбарымыздың
«Саптарыңды
түзеңдер» деп үш рет айтты...»,
– дейді. Ал, сахаба
Әнәстің хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Сапта-
рыңды түзеңдер. Сөзсіз, мен сендерді артымнан да
көріп тұрмын»,
– деген
88
.
88
Фатхүл Қадыр. Сахих Бұхари, 76-бап, №725 хадис.