Previous Page  45 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 45 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

45

Алла елшісі (с.а.у.) сапты аралап жүріп кеуделеріміз

бен иықтарымыздың түзулігін тексеріп көретін де

былай дейтін: «Бытырап тұрмаңдар. Себебі, соның

кесіріненжүректерің де ала-құла болады. Алла алдың-

ғы қатардағыларға рақым етіп, дәрежесін көтереді.

Ал періштелер оларға игі дұға тілейді

84

».ُ

َ عن الْبَرَاءِ بن عَازِبٍ قال كان رسول اَِ صلى الله عليه وسلم يَتَخَلَل

الصَفَ من نَاحِيَةٍ إلى نَاحِيَةٍ يَمْسَحُ صُدُورَنَا وَمَنَاكِبَنَا وَيَقُولُ

ِ تَخْتَلِفُوا فَتَخْتَلِفَ قُلُوبُكُمْ وكان يقول إِنَ اََ وَم ََئِكَتَهُ يُصَلُونَ على

الصُفُوفِ الُْوَل

Жоғарыда келтірілген риуаяттардан Алла елшісінің

(с.а.у.) намазда қатарлардың түзу әрі жинақы болуына

және алдыңғы қатар толмай жатып, келесі сапқа тұр-

мауға қаншалықты көңіл бөлгендігін байқаймыз.

Алла елшісі жоғарыда Әбу Дәуідте келтірілген

риуаятта және басқа да хадистерде сахабалардың

тобықтарының бір-біріне тиіп-тимегендігіне емес,

иықтар мен көкіректердің сапты бұзбауына, арада бос

жер қалмауына, саптың жинақы әрі түзу болуына назар

аударған. Сондықтан, иықтарын бір-біріне түйістірген-

нен кейін екі аяқтың арасын ары кетсе екі жауырынның

арасындай қашық ұстауы тиіс.

Екі аяқ арасының арақашықтығы Шафиғи мәзһа-

84

Сүлеймен Ибнул-Әшъас Әбу Дәуіт ас-Сажистани, Сунану Аби Дәуіт,

1-том, 177-бет. «Дарул-фикр» баспасы