Previous Page  41 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

41

Бірақ, жаттау қабілеті нашар»

– деген. Сондай-ақ,

Ибн әт-Түркмени, Әбу Хатым, Әбу Зәрға секілді хадис

білгірлері де Муаууаль ибн Исмағилдің көп қателе-

сетіндігін айтқан.

Байқағанымыздай,

“Алла елшісімен бірге намаз

оқыдым. Ол ( с.а.у.) оң қолын сол қолының үстіне

қойып, көкірегіне байлады”

, – деген хадис сахих емес.

Өйткені, хадисті бізге жеткізген Муаууаль ибн Исмағил

көп қателесетін әрі жады нашар болған. Ондай адамның

айтқаны есепке алынбайды.

Муаууаль ибн Исмағил риуаят еткен аталмыш

хадистің негізгі мәтіні Мүслімнің сахихында, Насаийдің

сүнанында, Ахметтің мүснәдында, Тирмизиде, Ибн

Мәжада, әд-Даруқутнида және әл-Байхақида да бар.

Бірақ, олардың ешқайсысында

«қолын көкірегінің

үстіне қойды»

деп айтылмаған. Тек «оң қолын сол қо-

лының үстіне қойды» деумен шектелген. Бұл жайлы

Хафиз ибн Хажар «әд-Дирая фи тахрижи ахадисил-

һидая» атты еңбегінде:

«...Алла елшісімен бірге намаз

оқыдым. Ол ( с.а.у.) оң қолын сол қолына әкеліп, көкі-

регінің үстіне қойды”

- деген хадис Ибн Хузаймада

келтірілген. Бірақ, бұл хадистің "Сахих Муслимдегі"

нұсқасында «көкірегінің үстіне қойды» деген жері

жоқ»,- деп айтқан.

Ендеше, Муаууаль ибн Исмағилдің риуаятындағы

“қолын көкірегінің үстіне қойды” деген жері

“зияда”

,

яғни,

“артық”

. Жоғарыда хадис білгірлері Муаууаль