Previous Page  38 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 38 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

38

Қолды кіндіктен төмен байлау жайында Уаил ибн

Хужр есімді рауи әкесінің былай дегенін риуаят етеді:

ِ

عن علقمة بن وَائِل بنُ حُجْرِ عن ابيه قال: رَأَيْتُ النَبِيَ صَلَى اللهُ عَلَيْه

وَسَلَمَ وَضَعَ يَمِينَهُ عَلَى شِمَالِهِ فِي الصَلاَةِ تَحْتَ السُرَةِ”. قال الشيخ

أبو الطيب المدني في شرح الترمزي: هذا حديث قوي من حيث

السند

«Мен Пайғамбарымыздың намазда тұрғанда оң

қолын сол қолының үстіне қойып, кіндіктен төмен

байлағанын көрдім».

Әбу Тайып ибн Әбдіқадыр әл-Мәдәни «Тирмизидің

Сүнәнына» жазған түсіндірмесінде аталмыш хадис

жайында: «Бұл хадис сенімді жолмен жеткен»

74

,

деген.

Ибн Әби Шәйбәның «Мусаннафф» атты еңбегінде

Айша анамыздың көзін көрген табиғин, өз заманының

ғұламасы Ибраһим ән-Нәхағи былай дейді:ِ

عَنْ إبْرَاهِيمَ قَالَ : يَضَعُ يَمِينَهُ عَلَى شِمَالِهِ فِي الص ََةِ تَحْتَ السُرَة

«Намазда оң қолын сол қолының үстіне қойып,

кіндіктен төмен байлайды»

75

.

Сондай-ақ, Басра қаласының ғұламасы, сахабалар-

дың көзін көрген табиғин және көптеген хадисші

ғалымдар тарапынан «сенімді (сиқа)» деген атаққа ие

Лахиқ ибн Хамид Әбу Мижләз

бұл мәселе жайында:

74

Тухуатул Ахуәзи би Шархи Тирмизи 252-хадис түсіндірмесі.

75

Ибн Әби Шәйбә, «Мұсаннаф»: Китабус Сала (165) 403 – 7-хадис,