Previous Page  34 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

34

Рүкүғқа барғанда қол көтеру жайында айтылған

хадисті Ханафи мәзхабы неге қабыл етпеген?

Ханафи мәзһабы бойынша хадис үш түрге бөлінеді:

Мүтәуәтір, Мәшһүр

және

Ахад

хадистер

.

Мүтәуәтір хадис деп, Пайғамбарымыздан (с.а.у.)

бастап, соңғы естуші кісіге дейін жалған дейтіндей

дәйекке жол бермейтін көпшілік тарапынан жеткен ри-

уаятты айтамыз. Мысалы, бес уақыт парыз намаздары,

зекет беру т.б.

Мәшһүр хадис деп, алғашқы буынғы (сахабалар ке-

зеңі) хадис риуаят етушілердің саны аз болғанымен,

кейінгі екінші және үшінші дәуірдегі (табиғин және

атбәғут табиғин кезеңінде) риуаят етушілердің саны

күрт көбейіп, мүтәуәтір деңгейіне жеткен хадисті ай-

тамыз.

Ахад хадис деп, риуаят етушілердің саны жағынан

алдыңғы екі хадис (мүтәуәтір және мәшһүр) деңгейіне

жетпеген хадистерді айтамыз

63

.

Хадистің осы үшінші түріне қатысты Ханафи мәз-

хабының өзіндік шарттары бар. Ол шарттар қысқаша

төмендегідей:

1. Ахад хадистегі үкім Құран аяттары мен мүтә-

уәтир және мәшһүр хадистерге теріс келмеуі керек.

2. Жалпылама Ислам қағидаларына теріс кел-

меуі тиіс.

63

Әбу Бәракәт Абдулла ибн Ахмад ән-Насафи – «Кашфул асрар»; 2 том,

4-13 беттер.; Ахмад Мулажиюн ибн Әби Саъид - Нурал Әнуар шархул

Мәнәр, «әс-Сүннә». Кәшфул әсрар Әбу Али әш-Шаши, Усуль әш-

Шаший, 172 бет. Байрут.