Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
30
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең жақын сахабалары-
ның бірі Әзірет Омар да намазда бір-ақ мәрте қолын
көтеретін. Оған Әсуәдтің мына сөзі дәлел:
ِ
ِ عَنْ الَسْوَدِ , قَالَ : رَأَيْت عُمَرَ بْنَ الْخَطّابِ رضي الله عنه يَرْفَعُ يَدَيْه
َ فِي أَوّلِ تَكْبِيرَةٍ , ثُمّ لاَ يَعُودُ , قَالَ : وَرَأَيْت إبْرَاهِيمَ , وَالشّعْبِيّ يَفْعَلاَن
ذَلِك
«Мен Омар ибн Хаттабты намазда қолды тек
әуелгі тәкбірде ғана көтергенін көрдім. Ибраһим де,
Шағби де сөйтетін»
55
.
ٌ قَالَ أبُو جَعْفَرٍ : فَهَذَا عُمَرُ رضي الله عنه لَمْ يَكُنْ يَرْفَعُ يَدَيْهِ أَيْضًا إ ّ(
فِي التّكْبِيرَةِ الآُولَى , وَهُوَ حَدِيثٌ صَحِيح
Осы хадисті келтіргеннен кейін Имам Әт-Тахауи:
«Омардың (р.а.) өзі де қолды тек әуелгі тәкбірде кө-
терген. Бұл хадис – сахих. Өйткені, хадис жеткізуші
«рауилердің» арасында Әл-Хасан ибн Айяш деген кісі
бар. Ол сенімді (сиқа) әрі хадис саласында беделді кісі»,
– деді
56
.
Сахаба Абдулла ибн Омардың намазға бастарда
қолын алғашқы тәкбірде ғана көтергендігін Мүжәһид
былай жеткізеді:
Мағанил Әсәр – 4/178-бет
55
Тахауи, Шарху Мағанил Әсәр – 4/190 бет. әл-Айни шархы
56
Тахауи, Шарху Мағанил Әсәр – 4/190-бет. әл-Айни шархы