Previous Page  25 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

25

Ифтитах тәкбірінде қолды иыққа

дейін көтеру жайында

Тәкбір алғанда қолды көкірекке немесе иыққа

дейін көтеру мәселесіне келер болсақ, бұл қимыл Пай-

ғамбарымыздың кезінде әрдайым емес, кей жағдайда

ғана жасалғанын айта кету керек. Бұған Ханафи ғалым-

дары сахаба Уаил ибн Хужрдың мына сөзін дәлел ретін-

де келтіреді. Әбу Дәуідте риуаят етілген сахих хадисте

Уаил ибн Хужр былай дейді:َ

َ عن وائل بن حجر قال: “ رَأَيْتُ النَبِيَ صَلَى اَُ عَلَيْهِ وَسَلَمَ حِين

افْتَتَحَ الصَلاةَ رَفَعَ يَدَيْهِ حِيَالَ أُذُنَيْهِ ، قَالَ : ثُمَ أَتَيْتُهُمْ فَرَأَيْتُهُمْ يَرْفَعُون

أَيْدِيَهُمْ إِلَى صُدُورِهِمْ وَعَلَيْهِمْ بَرَانِسُ وَأَكْسِيَةٌ “. رواه أبو داود.

صحيح

«Мен Пайғамбарымыздың ифтитах тәкбірінде

екі қолын құлақ тұсына көтергенін көргенмін. Кейін

сахабаларға келгенімде қолдарын көкірек тұсына

көтеріп жатты. Олардың үстерінде (суықта кие-

тін) күләпаралы жамылғылар мен қалың киімдері

бар еді»

45

.

Уәил ибн Хужрдың сөзіне қарағанда, күннің суық-

тығы себепті қолдарын киім ішінен шығарып, құлаққа

дейін көтеру қолайсыздық тудыратындықтан, сахабалар

көкірек тұсына ғана көтерумен шектелген. Ал, күн

45

Әбу Дәуіт сүнәні – 728, 727-хадис. 2/49-бет.