Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
23
عن أنس قال: رَأَيْتُ رَسُولَ اَِ صَلَى اَُ عَلَيْهِ وَسَلَمَ كَبَرَ ، فَحَاذَى
بِإِبْهَامَيْهِ أُذُنَيْهِ...”. رواه الحاكم. إسناده صحيح، و لا أعرف له علة
«Мен Пайғамбарымыздың тәкбір алғанын көрдім.
Сонда Ол (с.а.у.) екі қолдың бас бармағын құлақ
тұсына келтірді...»
41
.
Хадис жайында жоғарыда аты аталған ғұлама былай
дейді:
«Бұл айтылғандар Бухари мен Мүслімнің хадис
іріктеу талаптарына сай «сахих» жолмен келген.
Аталмыш хадистен күмән тудыратындай нәрсені
байқамадым».
Осы тақырыпқа қатысты басқа да риуаяттарды
хадис кітаптарынан кездестіруге болады
42
. Мұның бәрі
ифтитах тәкбірін аларда бас бармақтары құлақ сыр-
ғалығына келетіндей етіп қолды көтерудің Алла Ел-
шісінің сүннетінен алынғандығын айғақтайды.
3. Ер кісі «тәкбір тахрима» алғанда саусақтарын
бүкпей не саусақ арасын тым қатты ашпай, орташа
халде алақандарын құбылаға қарата құлақ қағады
43
.
Тирмизидің риуаят етуі бойынша сахаба Әбу Һұрайра
(р.а.) былай дейді:
41
әл-Хаким, Мүстадрак – 1/349-бет, (149) №822 хадис.
42
Табарани, «әл-Мұғжамул Кәбір»: 22/36 – №85; Даруқутни: 1/292 №14;
Әбу Дәуіт: 1/315 – №957.
43
Айни, Биная шархул Хидая – 1/167-бет.