Previous Page  20 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

20

«Намаздың кілті – дәрет; Тахримі (намаз кезінде

бөтен әрекеттерден тыйылу) – «Аллаһу әкбар» деумен бас-

талады; Намаз (екі жаққа) сәлем берумен аяқталады

»

33

,

деген. (Сахих)

2. Ифтитах тәкбірінде ер кісілер екі қолды бас бар-

мақтары құлақ сырғалығына келетіндей етіп кетереді.

Бұл – сүннет

34

.

Аталмыш сүннетті орындаудың ең жақсы жолы

– бас бармақты құлақ сырғалығына тигізу болмақ

35

.

Хадистерден дәлел келтірер болсақ:

«Сахих Мүслім» атты хадистер жинағында риуаят

етілген хадисте сахаба Мәлік ибн әл-Хуәйрис былай

дейді:

عن مالك بن الحويرث” أَنَ رَسُولَ اَِ صَلَى اَُ عَلَيْهِ وَسَلَمَ ، كَانَ إِذَا

كَبَرَ ، رَفَعَ يَدَيْهِ ، حَتَى يُحَاذِيَ بِهِمَا أُذُنَيْهِ...” . رواه مسلم

«Алла Елшісі (с.а.у.)(намазда) тәкбір алғанда екі

қолын құлағының тұсына келетіндей етіп, көтере-

тін...»

36

.

«Сахих Мүслімде» келтірілген тағы бір хадисте

сахаба Қатада Пайғамбарымыздың тәкбір тахриманы

қалай жасағаны туралы былай жеткізеді:

33

Әбу Дәуіт, Салә, №618 хадис; Тирмизи өзінің сүнәнінде бұл хадисті

Әбу Сағидтан келген хадистен әлдеқайда дұрысырақ (асаһ) деген: №238

хадис.

34

Марғинани, Хидая, Бабу Сыффатис-салә, 1/307-бет;

35

Мәйдани, Лиубаб, 1/67-бет

36

Сахих Мүслім, Китабус Сала – (391) – 25-хадис.