Previous Page  16 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

16

Сахаба Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен басқа бір ха-

дисте Пайғамбарымыз (с.а.у.):

َ عن أَبي هُرَيرَةَ، قال: قال َرسُولُ اللهِ (صلى الله عليه و سلم): إِنَمَا

جُعِلَ الإِمَامُ لِيُؤْتَمَ بِهِ ، فَإِذَا كَبَرَ فَكَبِّرُوا ، وَإِذَا رَكَعَ فَارْكَعُوا ، وَإِذَا قَرَأ

فَأَنْصِتُوا

«Сөзсіз имам

ұю үшін керек. Егер «Аллаһу әк-

бар» десе, сендер де солай айтыңдар. Рүкүғқа барса,

сендер де барыңдар. Ал, қашан Құран оқыса, (намазда)

тыңдап тұрыңдар!»,

– деген

22

. (Сахих)

Құбылаға бет түзеу

Үсті-басы таза, дәретті кісі намазға тұрарда жүзін

құбылаға қаратады. Құбылаға бет түзеу – намаз шарт-

тарының бірі. Құран Кәрімде:

«Қайда (жолға) шықсаң да, жүзіңді құбылаға

(Мәсжид Харам) жаққа қарат. (Әй, мүміндер!) Қай-

да болсаңдар да, (намазда) жүздеріңді солай қара-

тыңдар»

23

,

– делінген.

1. Құбылаға жүзін қаратуға мүмкіндік болмаса

24

, өзі-

не ыңғайлы жаққа бет бұрады. Құранда:

22

Дарақұтни сүнәні, Имамға ұйиу бабы – 2/115-бет, №1243 хадис. Сахих.

23

«Бақара» сүресі, 150-аят.

24

Ұшақ немесе автобус, пойыз сияқты қоғамдық көліктерде намаз оқу

қиынға соғатындықтан отырған күйі намазын оқи беруіне рұқсат. Бұл

арада құбыланы іздеу шарт емес.