Previous Page  14 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

14

Намазға ниет ету

Намаздың басында намаздың қай түрін оқиты-

ныңызға іштей ниет етуіңіз шарт. Тілмен айту –

мұстахаб. Жамағатпен оқитын кісі имамға ұйытынына

да ниет етуі керек

15

.

Намаз дегеніміз – құлшылық. Пенденің құдіреті

күшті Құдайға еткен мінәжаты. Ал мінәжат пен құлшы-

лықты ықыласпен орындаудың маңызы зор. Бұған іштей

ниет ету арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан,

намазға тұрған адамның іштей ниет етуі шарт

16

.

Құран Кәрімде:

َ

وَمَا أُمِرُوا إَِ لِيَعْبُدُوا اََ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّين

«Оларға тек дінді Аллаға арнап, ықыласпен құл-

шылық ету... бұйырылды»

17

,

– делінген .

Хазірет Омардың риуаяты бойынша Пайғамбарымыз

(с.а.у.):

إِنَمَا العْمَالُ بِالنِّيَاتِ وَإِنَمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى

«Амалдар ниетке байланысты, әркімнің ниетіне

қарай беріледі...»,

– деген

18

.

Осы хадистен байқағанымыздай, нақты қай намазды

оқитынымызды ниетпен көкейге бекіткеніміз жөн. Са-

хаба Ибн Масғұдтың (р.а.):

15

Маусули әл-Ханафи, Ихтияр – 1/157-бет.

16

Илә әс-Сүннә – 2/173-бет.

17

«Бәйина» сүресі, 5-аят.

18

Бухари, Кітаби Бұдыл Уахи; Сахих Мүслім, 3530-баб, №1907 хадис.