Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
9
Азан мен қамат
«Азан» сөзінің этимологиялық мағынасы «құлақтан-
дыру, хабарлау» дегенге саяды.
Ал, діндегі анықтамасы: шариғат бекіткен арнайы
сөздерді айту арқылы намаз уақытының кіргендігін
құлақтандыру, хабарлау деген сөз. Бес уақыт намаз бен
жұма намазына азан шақыру ерлер үшін – бекітілген
сүннет
1
.
1.
Намазын үйде оқыған ер адам азан айтып,
қамат түсірмесе де болады
2
. Өйткені, сахаба Ибн
Мәсғуд (р.а.):
«Қалада түсірілген қамат жеткілікті»
,
– деп, үйінде жолдастарымен бірге намазды азансыз
және қаматсыз оқығандығы риуаят етілген
3
. ُ
أن ابن مسعود : صَلَى بِأَصحَابِهِ فيِ دَارِه بِغَيرِ إقامَةٍ ، وقال : “إِقامَة
المِصرِ تَكفي” رواه عبد الرزاق
Алайда, азан айтып, қамат түсіру – жеке адамға
міндет болмағанымен сауап екенін естен шығармағаны-
мыз жөн.
1
Ихтияр – 1/71-бет.
2
Ихтияр – 1/140-бет.
3
ас-Санағани, Мұсаннаф – №1961 хадис.