Previous Page  5 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

5

келіп, елдегі мұсылмандар арасында алауыздық туып,

ауызбірлікке сызат түсіп отыр. Құлшылықтарын ғасырлар

бойы қалыптасқан діни жөн-жоралғы бойынша орындап

жүргендердің көңілдерінде күмән пайда болғаны да

жасырын емес.

Сондықтан да, ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

сүннетіне сай намаз оқу үлгісін түсіндіретін еңбектің

қажет екенін ескере отырып, соның ішінде, Ханафи

мәзһабы бойынша намаз оқудың үлгісін ықшамдап беруді

жөн көрдік.

Негізінде, мәзһаб «жол», «бағыт», «көзқарас» деген

мағыналарды білдіреді. Басқаша айтқанда, арнайы тәсілдер

мен ережелер арқылы Құран мен сүннеттен алынған

үкімдер мен көзқарастар жиынтығын «Мәзһаб» дейміз.

Ендеше, мәзһаб ойдан шығарылған жол емес. Керісінше,

Пайғамбар сүннетін ең сауатты түрде жүзеге асырудың

сенімді мектебі. Әрине, шариғат үкімдерінің ең негізгі

қайнар көзі Құран және хадис екені күмәнсіз. Алайда,

онда айтылған әр сөздің бірнеше астары, терең мағынасы

болуы мүмкін. Кей жағдайда хадистердің, бір қарағанда,

бір-біріне кереғар көрінетін жерлері де бар. Сонымен

қатар, хадистердің «сахих лизәтиһи», «сахих лиғайриһи»,

«хасан лизәтиһи», «хасан лиғайриһи», «әлсіз», «жалған»,

«мутауатир», «ахад», «мәшһур», «ғариб» сияқтысенімділігі

жағынан әр түрлісін кезіктіресің. Үкім шығаруда олардың

да әсері болмай қоймайды. Осыған байланысты кез келген

адамның оларды терең талдап, аражігін ажыратып, шариғи

үкім шығара алмайтыны анық. Сол себепті, Әбу Ханифа

сияқты Құран ілімімен қоса хадис ілімін, мантық (логика),

ижма, қияс (қисын) сияқты, фиқһ негіздерін т.б. ислами