Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
3
Алғы сөз
Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы.
Исламныңнегізгібеспарызыныңбірі.Намаз–өзінмұсылман
санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат
пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол
ғибадат. Сондай-ақ, ол – жат әдеттер мен арсыздықтан
тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық һәм рухани
азық. Қысқасы, намаз – жұмақтың кілті. Сондықтан да,
намазды дұрыс орындау – мұсылмандар үшін ең маңызды
міндет. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мен намазды
қалай оқыған болсам, сендер де солай оқыңдар!», – деп,
бекер өсиет етпеген. Тағы бір хадисінде Алла елшісі (с.а.у.)
намазға былайша анықтама берген: «Уа, үмбетім һәм
сахабаларым! Бүкіл шарттарына сай толық орындалған
намаз – Алла тағала жақсы көретін істердің ең мәртебелісі,
пайғамбарлардың сүннеті, періштелердің ең сүйкімді ісі,
жер мен көктің нұры, тән саулығының қайнар көзі, рызық-
несібенің берекесі, дұғалардың қабыл болуына септігін
тигізетін себептердің үлкені, жан алғыш періштеге араша
түсетін шапағатшы, қабір әлемінде Нәңкір мен Мүңкір
атты періштелердің азабынан құтқаратын жауап. Қиямет
күнінде – жанға сая. Жәһаннам отына тосқауыл қоятын
перде. (Қылдан жіңішке, қылыштан өткір) Сират көпірінен
жай отындай жарқ еткізіп өткізетін пырақ. Жұмақтың кілті.
Жұмақ жұртында киер тәжің. Алла Тағала мүміндерге
намаздай маңызды құлшылық жүктемеген. Егер намаздан
артық ғибадат түрі болғанда, Алла тағала құлдарына соны
міндеттер еді. Шын мәнінде, періштелердің бір шоғыры
ұдайы намаздың қиямында, тағы бір бөлігі үнемі рүкүғта,