Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
6
ілімдерді жетік білген мүжтәһидтің шығарған үкімдерімен
әрекет етсек, оның несі айып?!
Имам Ағзам мәзһабының «Ханафи» деп аталуының
өзі тегін емес. Аталмыш мәзһабта адамның барлық
қажеттілігі, адамның басында кездеспей тұрмайтын
барлық жағдай ескерілген. Астамдық пен нұқсандықтан
ада, орта жолдан ауытқымауды басты мақсаты еткен бұл
мәзһабты Әбу Ханифа қалыптастырғандықтан, оның
есімімен аталатынын айта кету керек.
Әбу Ханифа – Ислам ғылымдарын жетік меңгерген
көрнекті тұлға. Оның қырық мыңнан астам шәкірті болған,
солардың төрт мыңынан астамы мүжтәһид (ғылымның
ең үстіңгі деңгейі) дәрежесіне жеткен. Әрі осы ғасырға
дейін сол жолды ұстанып келе жатқандардың арасынан
мүжтәһидтердің де шыққанын айта кету керек.
Ханафи мәзһабы дүние жүзіне барынша кеңінен тараған
мәзһаб болып табылады. Қазіргі таңда ханафи мәзһабы –
Түркия, Балқан түбегі, Албания, Босния-Герцеговиния,
Украина, Қырым, Әзербайжан, Дағыстан, Татарстан,
Башқұртстан, Кавказ, Қазан, Қазақстан, Өзбекстан,
Түркменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, Жапония
мұсылмандарының ресми мәзһабы. Ал Ауғанстан,
Хоросан, Үндістан, Кашмир, Сирия, Ирак пен Пәкістан
мұсылмандарының көпшілігі Ханафи мәзһабын ұстанады.
Біздің өңірге Исламды алып келген осы Ханафи
ғұламалары екендігін естен шығармау керек. Ханафи
мәзһабының алғашқы буындары саналатын Әбу Юсуф,
Имам Мұхаммед, Зуфар, Хасан ибн Зияд сынды мужтәһид
ғалымдардың тәрбиелеген шәкірттері Хорезм, Батыс
Түркістан, Хорасан мен Мавраннахр сияқты халқы