Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
10
2. Таң намазына азан шақырылғанда
«ас-Саләту
хайрум минән нәуум»
дегенді міндетті түрде қосып
айту керек.
عن بلال قال قال لي رسول الله صلى الله عليه وسلم: “ لاَ تُثَوِّبَنَ فِي
شَيْءٍ مِنَ الصَلَوَاتِ إِلاَ فِي صَلاَةِ الْفَجْرِ “. رواه الترمذي
Сахаба Біләлдің айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Ассалату хайрум минән наум» (намаз ұйқыдан
артық) сөзін тек таң намазында ғана айт»
4
,
– деген.
3. Азаншы азан айтқанда саусағымен құлағын бітеп
тұрады. Бұл дауысының қаттырақ әрі зор шығуы үшін
істелінетін әрекет
5
.
Ибн Мәжәнің хадистер жинағында келтірілген ха-
дисте сахаба Әбу Жухайфа (р.а.) әкесінің былай деге-
нін риуаят етеді:
عن عون بن أبي جحيفة عن أبيه قال: “رَأَيْتُ ب َِلاً يُؤَذِّنُ ويَدُور
وَيُتبِعُ فَاهُ هَاهُنَا وَهَاهُنَا وَإِصْبَعَاهُ فِي أُذُنَيْهِ”. (صحيح
«Мен Біләлдің азан айтқанын көрдім. (Жұрт есту
үшін) денесімен бірге аузын оңға, солға кезектестіріп
бұрған еді. Сонда екі құлағын саусағымен бітеп тұрған
болатын»
6
.
(Сахих)
4
Тирмизи сүнәні – №198 хадис.
5
Ихтияр – 1/143-бет.
6
Тирмизи, Китабус сала – 144-баб, 197-хадис; Ибн Мәжә – 329-бет/№711
хадис.