Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
7
жаңадан мұсылман болған аймақтарға барды. Онда
ұстаздары үйреткен діни ілімді тарату мен жайылуына
сүбелі үлес қосты. (С.Сейтбеков, «Мәзһабтар тарихы»,
322, 328 беттер. Алматы-2012ж.)
Оның басқа мәзһабтардан ең негізгі айырмашылығы
– Құран аяттары мен хадистердің түпкі мәні мен ішкі
мағынасына тереңінен үңіліп, ақыл-ой, парасат-пайымға
ерекше көңіл бөлуінде әрі Құранның жалпы рухына қайшы
келмейтін жергілікті елдің озық әдет-ғұрып, дәстүрлерін
ескеруінде жатыр. Керек десеңіз, аят, хадистерде
кездеспейтін жағдайлар орын алғанда үкім шығаруда
жергілікті халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы негізге
алынады бұл мәзһабта.
Қысқасы, қолыңыздағы кітапта Ханафи мәзһабындағы
намаз оқу үлгісі үшін хадистерден дәлелдер келтірілген.
Бұл еңбекке мұқият ден қойған адам ұлық имам Әбу
Ханифаның бірде-бір үкімді ойдан алып шығармағанына
көз жеткізеді. Үкімдердің дені «Әл-Мәбсүт (әс-Сәрәхси)»,
«Бәдә’иғ (Әл-Кәсәни)», «Әл-Һидая (әл-Мәрғинани)
және оның шархы әл-Биная (әл-Айни)», «Бәхрур Ра’иғ
(ән-Нәсәфидің шархы. Ибн Нүжәйм)», «Ихтияр (әл-
Маусули)», «Құдуридің шархы-Лүбәб (Әл-Мәйдәни)»,
«Раддул Мұхтар (Ибн Ғабидин)» сынды Ханафи
мәзһабының іргелі, төл кітаптарынан алынған. Ал,
үкімдердің дәлелдері беделді хадис жинақтарынан (Сахих
Бұхари, Сахих Мүслім, Сүнәнут Тирмизи, ән-Нәсәфи,
т.б.) тікелей алынып, сол қалпында берілді. Бұл жерде
біздің айтпағымыз: Ханафи мәзһабының бәзбіреулер жар
салғандай негізсіз, әшейін, қуыстан сығалап айтылған сөз
емес, ондағы көтерілген әр мәселеде аят, хадистен дәйекті