Previous Page  4 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

4

тағы бір тобы сәждеде, енді біреулері тәшәһһуд қалпында

құлшылық етіп тұр. Міне, осылайша құлшылықтың

хикметке толы қасиеттерін бір рәкағат намазға жинақтап,

мүміндерге сыйлады. Ақиқатында, намаз – иманның басы,

діннің тірегі, Исламның сөзі әрі мүміндердің миғражы».

Қасиетті Құран Кәрімде былай айтылған:

«Шын

мәнінде, намаз барша азғындықтан, жағымсыз мінез

бен жат әдеттен арылтады. Үнемі Алланы еске алып

жүру – құлшылықтардың ең ұлысы».

(«Анкәбут»

сүресі, 45-аят)

Ардақты Пайғамбарымыз да хадистерінің бірінде

адамның рухани таза болуында намаздың рөлі маңызды

екендігін былай жеткізеді. Ол (с.а.у.):

«Сендердің

араларыңнан бір адамның есігінің алдында өзен ағып,

сол өзенге күніне бес рет шомылса, ол адамда кір қала

ма?» – деп сұрағанда, сахабалар: «Жоқ қалмайды», – деп

жауап қайырады. Сонда Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Судың

кірді тазалайтынындай бес уақыт намаз да күнәларды

тазалайды»", - деген екен.

(Бухари, Мауақит,6.)

Алайда, біз осы намазды қалай оқып жүрміз? Бүгінгі

таңда осындай ұлы құлшылықты орындау тәртібіне

байланысты түрлі пікір қайшылықтарына жол беріп

жүргеніміз жоқ па? Бұл пікір қайшылығы негізінен намазды

мәзһаб бойынша оқуға немесе мәзһаб атаулыны мүлдем

ұстанбауға байланысты өрбіп жүргені өтірік емес қой.

Мысалы, қайсыбір мұсылмандар: «Пайғамбарымыздың

сөзі артық па, мәзһабтың «айтқаны ма?» немесе «Ханафи

мәзһабындағы үкімдердің денін Әбу Ханифа өз ойынан

шығарған, хадистерге мән бермейді» деп, сүннет пен

мәзһабты екі түрлі жол етіп көрсеткісі келеді. Содан