Previous Page  17 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

17

«Шығыс та, батыс та, әр тарап Аллаға тән.

Сондықтан, қай жаққа бет қаратсаңдар да Алланың

жүзі (разылығы) сол жақта»

25

,

– делінген.

2. Құбыланың қай жақта екенін білмеген кісі бі-

летіндерден сұрауы тиіс. Егер ешкім білмесе, немесе

сұрайтын адам табылмаса, өз жорамалына сүйенеді.

Намаз оқып болғаннан соң дөп басып, дәл топшылай

алмағаны анықталған жағдайда, қайта оқудың қажеті

жоқ

26

. Ал, намаздың үстінде есіне түссе, құбылаға жүзін

туралап, намазын жалғастыра береді

27

.

Бұған дәлел ретінде, Ибн Мәжәнің «Сүнән» кітаб-

ында келген риуаятта сахаба Амир ибн Рабиғадан (р.а.)

естігенін баласы Абдулла былай деп жеткізеді:

عن عبد الله بن عامر بن ربيعة عن أبيه قال كُنّا مَعَ رَسُولِ اِّ صَلّى

اُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ فِي سَفَرٍ ، فَتَغَيّمَتِ السّمَاءُ وَأَشْكَلَتْ عَلَيْنَا الْقِبْلَةُ ،

ّ فَصَلّيْنَا وَأَعْلَمْنَا ، فَلَمّا طَلَعَتِ الشّمْسُ إِذَا نَحْنُ قَدْ صَلّيْنَا لِغَيْرِ الْقِبْلَةِ ،

ِّ فَذَكَرْنَا ذَلِكَ لِلنّبِيِّ صَلّى اُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ ، فَأَنْزَلَ اّ : فَأَيْنَمَا تُوَلّوا فَثَم

وَجْهُ ا

«Біз Алланың елшісімен (с.а.у.) бірге сапарға шық-

қан едік. Аспан бұлтты болғандықтан құбыланы ан-

ықтау қиынға соқты. Бет бұрған жағымызға белгі

қойып, намазымызды оқыдық. Күн шыққаннан кейін

25

«Бақара» сүресі, 115-аят.

26

Маусули әл-Ханафи, Ихтияр, 1/154-бет.

27

Әбдіғани әл-Ғаними әл-Мәйдани, әл-Лүбәб – 1/64-бет.