Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
22
болсақ, қолдың саусақтары құлақтың жоғарғы жа-
ғына дәл келеді деген сөз.
Әйгілі хадисші әрі фиқһ ғалымы Имам Әбу Жағфар
әт-Тахауи өзінің «Шарху Мағаниль-Әсәр» атты хадис
еңбегінде сахаба Уәил ибн Хужрдан жеткен мына
«сахих хадисті» риуаят етеді:
عن وائل بن حجر، قال: “رأيتُ رسولَ الله (صلى الله عليه وسلم)
حِينَ يُكبّر لِلصّلاةِ يَرفَعُ يَدَيهِ حِيَالَ أُذُنَيهِ”. رواه الطحاوي طريقه
صحيح
«Мен Пайғамбарымыздың намазда тәкбір алғанда
екі қолын құлақ тұсына көтергенін көрдім»
39
.
Сонымен қатар, Имам Бухаридің «Қурратуль ай-
найн» атты хадис кітапшасында сахаба Барра (р.а.)
былай дейді:
َ
ِ عن البَرّاء رضى الله تعالى عنه قال:”كَانَ النّبِيّ صَلّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلّم
”يَرفَعُ يَدَيهِ إذَا كَبّرَ حَذْوَ أُذُنَيه
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәкбір алғанда қолын құ-
лақ тұсына дейін көтеретін»
40
.
Хадисші әл-Хаким ән-Нисабуридің «әл-Мүстәдрак»
атты кітабындағы хадисте сахаба Әнәс (р.а.) былай
дейді:
39
Имам Тахауи, Шарху Мағанил-Әсәр, 3/512-бет. әл-Айни шархы.
40
Имам Бұхари, Қурратул айнайн, №34 хадис.