Previous Page  26 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

26

жылы кезде құлақ тұсына дейін көтеретін. Демек, ең

дұрысы – қолды құлақ тұсына көтеру.

Сондай-ақ, қолды иық деңгейіне дейін көтеруге бай-

ланысты хадисті былай түсінуге де болады: қолдарын

иыққа дейін көтерген кісінің білегі иыққа келсе,

қолдың

білезіктен кейінгі

жерлері құлақ тұсына жетеді.

Бұған дәлел ретінде Әбу Дәуіт пен Байхақидің хадис

жинағындағы мына риуаятты келтіруге болады:

عن عبد الجبار بن وائل عن أبيه أَنّهُ أَبْصَرَ النّبِيّ صلى الله عليه وسلم

حِينَ قَامَ إِلَى الصّلاَةِ رَفَعَ يَدَيْهِ, حَتّى كَانَتَا بِحِيَالِ مَنْكِبَيْهِ, وَحَاذَى

بِإِبْهَامَيْهِ أُذُنَيْهِ ثُمّ كَبّرَ “. رواه البيهقي و أبو داود

«Әбдіжаббар ибн Уәйлдің айтуына қарағанда әкесі

былай деген: «Пайғамбарымыз намазға тұрғанда бас

бармақтары құлақ тұсына келетіндей етіп, екі қолын

иыққа дейін көтерді де «Аллаһу әкбәр» деді»

46

.

46

Әл-Бахақи – 2/38-бет. №2306 хадис; Әбу Дәуіт - №724-хадис.