Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
21َ
عَنْ قَتَادَةَ ، بِهَذَا الإِسْنَادِ ، أَنَهُ رَأَى نَبِيَ اَِ صَلَى اَُ عَلَيْهِ وَسَلَمَ ، وَقَال
: حَتَى يُحَاذِيَ بِهِمَا فُرُوعَ أُذُنَيْهِ. رواه مسلم
«Ол екі қолды құлағының жоғарғы тұсына жете-
тіндей етіп көтерді»
37
.
Хадисші Имам Нәсәийдің кітабында Абдужаббар
ибн Уәил (р.а) әкесінен мына хадисті риуаят еткен:
عَن عَبدِ الجَبّارِ بنِ وَائل عن ابيه اَنّهُ رَأَى النّبِيّ صَلّى اللهُ عَلَيهِ و سلَم
إِذَا افْتَتَحَ الص ََةَ رَفَعَ يَدَيْهِ حَتَى تَكَادَ إِبْهَامَاهُ تُحَاذِي شَحْمَةَ أُذُنَيْهِ.
رواه النسائي الحديث في نفسه صحيح
«Оның әкесі Алла елшісінің ифтитах тәкбірін
орындаған кезін көрген. Сонда пайғамбарымыз (с.а.у.)
екі қолын бас бармақтары құлақ сырғалығына тұспа-
тұс келетіндей етіп көтерген»
38
. Бұл хадиске Нәсәи
өзінің «әс-Сүнәнүл-күбра» атты еңбегінде «сахих»,
яғни, «сенімді» деп баға берген.
Осы соңғы екі хадисті былайша ұштастыруға
болады: Бірінші хадисте қолдың саусақтары орна-
ласқан бөлігі айтылып тұрса, екінші хадисте қол-
дың білезікке дейінгі жағы айтылып тұр. Яғни, бас
бармақты құлақ сырғалығына тұспа-тұс келтірер
37
Сахих Мүслім, Китабус Сала –(391) – 26-хадис. 183-бет.
38
Нәсәи, Ифтитах, Тақырыбы:– 365-баб/958-хадис; Әбу Дәуіт, №724
хадис. Хасан.