Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
19
Ифтитах (намазға бастау)
тәкбірі және Қиям
Намазда тік тұру (қиям) – парыз. Алла тағала Құран
кәрімде:
«Аллаға бойұсынған күйде тұрыңдар»
29
, –
деген. Ықылас білдіріп, ниет еткеннен кейін тік тұрып,
«Аллаһу әкбәр» деп, тәкбір алады. Бұны «Ифтитах
тәкбірі» дейміз.
1. Ифтитах – “бастау”, “жабық нәрсені ашу” деген
мағынаға саяды. Ифтитах тәкбірі – намазға бастарда
алынатын тәкбір. Дәлірек айтқанда, ниет ете салысымен
тік тұрған күйі «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, құлақ
қағуды білдіреді. Әрі бұны «Тахрима тәкбірі» деп те
атайды
30
.
Тахрима тәкбірі – “харам етуші”, “тыйым салушы
тәкбір” дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз, «Аллаһу әкбар»
деп намазды бастағаннан кейін, намазға қатысы жоқ
іс-әрекеттерден тыйылады деген сөз. Намазды осылай
бастау – парыз
31
. Онсыз намаз оқылмайды
32
.
ХазіретӘлидіңриуаят етуі бойыншаПайғамбарымыз
(с.а.у.):
مِفْتَاحُ الصّلاةِ الطّهُورُ ، وَتَحْرِيمُهَا التّكْبِيرُ ، وَتَحْلِيلُهَا التّسْلِيمُ“
رواه ابو داود
29
«Бақара» сүресі, 238-аят.
30
М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, 139-бет.
31
Марғинани, Хидая, Бабу Сыффатис-салә – 1/302-бет.
32
әл-Мәйдани, Лүбаб – 1/65-бет.