Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
32
ибн Масғұд ұмытып кетті деп ойлайсың ба?!
58
. Шын-
дығында, қол намаздың басында ғана көтеріледі
59
»
(сахих).
Алқаманың әкесі Уәил хижри жыл санауының
9-ші жылы Медине қаласында мұсылман болған кісі.
Ал, сахаба Абдулла ибн Мәсғуд одан 22 жыл бұрын
мұсылман болды. Арада 22 жыл айырмашылық бар.
Ендеше, пайғамбарымыздың намазы жайында кім
көбірек біледі - Уаил ма, әлде үнемі Алла елшісінің
қасында жүріп, Оның намазда қолын бір-ақ рет кө-
теретіндігін сахих жолмен риуаят еткен ғалым сахаба
Абдулла ибн Масғуд па (радияллаһу анһума)?
60
«Сахих Мүслімде» келтірілген хадисте де сахаба
Жәбир ибн Сәмура былай дейді:َ
عن جابر بن سمرة قال: “ خَرَجَ عَلَيْنَا رَسُولُ اَِ صَلَى اَُ عَلَيْهِ وَسَلَم
، فَقَالَ : مَالِي أَرَاكُمْ رَافِعِي أَيْدِيكُمْ كَأَنَهَا أَذْنَابُ خَيْلٍ شُمْسٍ ؟ اسْكُنُوا
فِي الص ََةِ “. رواه مسلم
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) біз жаққа қарап:
«Неге
сендер асау аттың құйрығы ұқсап, қолдарыңды
(қайта-қайта) көтеріп жатырсыңдар. Намазда ты-
ныш тұрыңдар»
– деді
61
.
58
Зайлағи, Насбұр-Риуая, 1/397-бет
59
Дарақұтни, 2/45-бет, №1121 хадис. 2004 ж. Бейрут. Тағлиқ Шұғайып
Арнаут.
60
Тахауи, Шарху Мағанил Әсәр – 4/179-бет. әл-Айни шархы
61
Мүслім, 27-баб/430-хадис.