Previous Page  35 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

35

3. Ахад хадисте қамтылған үкім көпшілікке қа-

тысты дүние болмауы керек.

Яғни, егер хадистегі ай-

тылған үкім көпшілікке қатысты болған жағдайда неге

біренсаран сахабадан ғана бізге жетеді? Демек, оның

үкімі не жойылған, не болмаса, Пайғамбарымыздың

сөзі екендігінде күмән бар

64

.

4. Ахад хадисті риуаят еткен сахаба, өзі айтқан

хадистегі үкімге қайшы әрекет етпеген болуы керек.

Сахаба өзі риуаят еткен хадистегі үкімге теріс әрекет

еткендігі анықталса, оның әлгі жеткізген хадисі қабыл

етілмейді. Неге десеңіз, аталмыш сахаба өзі риуаят

еткен хадистегі үкімді жоятын одан да қуатты дәлел

кездестірген болуы мүмкін

65

.

Осыған орай, «Рүкүғтан тұрғанда қолды көтеру»

жайында келген хадистер жоғарыда тізілген талап-

тардың соңғы екеуіне сай емес, дәлірек айтқанда,

үшінші мен төртінші бөлімде көрсетілген талаптарға (3

пен 4). Тарқатып айтар болсақ:

Біріншіден, «рүкүғта қол көтеру» мәселесі көп-

шілікке қатысты дүние. Пайғамбарымыз намазды көп-

шілікпен оқыған. Осы тұрғыдан алғанда, оның бұл

қимылын жалғыз-жарым сахаба емес, жүздеген адам

жеткізуі керек еді. Яғни, бұл хадис ахад емес, мүтәуәтир

дәрежесінде болуы тиіс еді. Демек, ол әрекеттің үкімі

не жойылған, не болмаса, Пайғамбарымыз кейде жасап,

кейде жасамаған әрекет болуы мүмкін. Өйткені, рүкүғта

64

Әл-Кәнкәрхи, Умдатуль Хауаши – 178 бет.

65

Доктор Сәлмән Ъабуд Яхя, Хабаруль Уахид ъиндаль Ханафия.