Previous Page  40 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

40

Неге кейбір мұсылмандар намазда

қолды көкірек тұсына байлайды?

Жалпы, ешбір мәзһабта қол көкіректің дәл үстіне

қойылады деген пәтуа да, нақты дәйек те жоқ. Қолды

көкіректің үстіне қоюға байланысты келтірілген мына

бір хадис нақты дәлел бола алмайды.

عن وائل بن حجر قال : صليت مع رسول الله صلى الله عليه وسلم ،

ووضع يده اليمنى على يده اليسرى على صدره

Уайл ибн Хужрдан риуаят етілген хадисте, былай

деді:

“Алла елшісімен бірге намаз оқыдым. Ол ( с.а.у.)

оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірегіне бай-

лады

79

”.

Бұл хадис Хузайманың «сахих» атты жинағында

келтірілген. Хадисті риуаят етушілер арасында Муау-

уал ибн Исмағил деген кісі бар. Ибн Хажар өзінің

«әт-Таһзиб» атты кітабында Имам Бұхаридің ол кісі

жайында: «мұнкарул хадис», - дегенін келтірген. Яғни,

«хадисі қабылданбайды» деген мағынада.

Ханафи ғұламасы, фиқһшы әрі хадисші Имам

Заһаби мен хадисші Ибн Сағд:

«Муаууал ибн Исмағил

сүннетке берік, аса шыншыл. Алайда, (хадис риуаят

еткен кезде) көп қателеседі»,

–деп, оның осы кемшілігін

айтып кеткен. Ал, хадисші Даруқутни болса:

«Сенімді.

79

Мұхаммед ибн Ысқақ ибн Хузайма, Сахиху ибн Хузайма 1-том, 243-бет.

«әл-Мактабул-ислами» баспасы, Бәйрут, 1970 ж.