Previous Page  46 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

46

бында бір қарыс, Мәлики және Ханбали мәзһабтарында

көзге ерсі көрінетіндей алшақ емес, дененің тепе-тең-

дігін сақтайтындай «орташа» болғаны жөн

85

.

Ал, Ханафи мәзһабы бойынша, намазда тұрған кісі

екі аяғының арасын тым жақындатпайды, ең кемі төрт

елі қашық ұстайды.

Қиямда тұрғанда екі аяқты бір-біріне тигізе тақамау

да керек. Бұған қатысты Нәсәиде келтірілген хадистің

бірінде Сахаба Абдулла ибн Аббас екі аяғын бір-біріне

тигізе тақап, намаз оқып тұрған кісіні көргенде оған:

عن أبي عبيدة أنّ عَبدَ اللهِ رَأَى رَجُلاً يُصَلِّي قَد صَفّ بَينَ قَدَمَيهِ،

فَقَالَ: خَالَفتَ السّنّةَ...، رواه النَسَائِي

«Сен сүннетке қайшы әрекетте болдың...»

86

,

деді.

Және Ибн Әби Шәйбәнің риуаят етуінде Ғуәйна

ибн Абдрахман ибн Жәушәнның айтуы бойынша әкесі

Әбдірахман мешітте екі аяғының арасын тақап, намаз

оқып тұрған кісіні көріп былай деді:

قال عوينة بن عبد الرحمن: كنتُ مَعَ أَبي في المَسجِد فرأى رَجَلا

صَافا بَينَ قَدَمَيهِ فَقال ألزَقَ إحداهُما بِالاُخرى لَقَد رأيتُ في هذا

ّ المسجدِ ثَمَانِيةَ عَشَرَ مِن أصحابِ النّبيّ صَلّى الله عليه و سلم ما

”.رَأيتُ أحَدا مِنهُم فَعَلَ هذا قَط

85

Қ.Жолдыбайұлы «Дін мен діл», 2-том. Қосымша қараңыз: Уаһбатуз-

Зухайли, әл-фиқһул-ислами уа адиллатуһ, 2-том, 882-бет. «Дарул-фикр»

баспасы, Димашқ, 2006 ж.;

86

Нәсәи, әс-сүнәнул-кубра – 465 бет. 373-баб/968-хадис.