Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
51
«Сәнә» дұғасы
Ифтитах тәкбірін айтып, қол байлай салысымен
төменде келтірілген «Сәнә» дұғасы іштей айтылады.
Сәнә дұғасын оқу – сүннет.
«Сүбханакәллаһумма уә бихамдикә, уә тәбәракәс-
мукә, уә тағала жаддукә, уә лә иләһә ғайрук»
سُبْحَانَكَ اللّهُمّ وَبِحَمْدِكَ وَتَبَــارَكَ اسْمُكَ وَتَعَالَى جَدّكَ وَلا إِلَهَ غَيْرُكَ
Мағынасы: «Я, Алла тағалам! Сені тәсбих етіп
(күллі кемшіліктерден пәк, кемел екендігіңді айтып)
пәктеймін. Саған «хамд» айтып мадақтаймын. Сенің
көркем есімің аса мүбәрак. Сенің ұлылығың аса жоғары.
Сенен басқа ешбір құдай жоқ».
Бұл жайында сахаба Әбу Сағид әл-Худри былай
дейді:َ
كَانَ رَسُولُ اِّ صَلّى اّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ إِذَا قَامَ إِلَى الصّلاةِ بِاللّيْلِ كَبّر
ثُمّ يَقُولُ سُبْحَانَكَ اللّهُمّ وَبِحَمْدِكَ وَتَبَــارَكَ اسْمُكَ وَتَعَالَى جَدّكَ وَلا
إِلَهَ غَيْرُكَ. رواه ترمذي قال: حديث أبي سعيد أشهر حديث في هاذا
..الباب
«Пайғамбарымыз түнде намазға тұрғанда тәкбір
айтып, былай деп дұға оқитын: «Сұбханакәлаһумма
уә бихамдикә, уә тәбәракәсмукә уә тағала жаддукә уә
лә иләһә ғайрук...»
91
.
91
Мұхаммед Әнур шах, Тирмизи сүнәні шархы, 1/249-бет, 179-баб, №242