Previous Page  9 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 168 Next Page
Page Background

9

Ораза жайлы аят-хадистер

(сендерді бүркейтін, күнәдан тыятын, дем алдыратын

және көрікті қылатын) киім (секілді), сендер де олар

үшін дәл сондай киім (секілді)сіңдер. Аллаһ тағала

өз-өздеріңе сенімсіз болғандықтарыңнан өздеріңе

қиянат жасап қойып жатқандарыңды білгені үшін

сендерге (мейірімін төгіп) тәубелеріңді қабыл алып,

күнәларыңды жарылқап кешірді. Енді бұдан былай

(ораза түндерінде де) олармен жақындсып, Аллаһтың

сендер үшін жазғанын (ұрпақ болуын) талап етіңдер.

Сондай-ақ, таң шапағының ақ жібі түннің қара жібінен

ажырап көріне бастағанға дейін жеп-ішіңдер. Со-

дан (күн батып) түнгі уақыт кіргенге дейін оразаны

толық ұстаңдар. Мешіттерде иғтикаф жасап жатқан

кезде әйелдеріңмен жақындаспаңдар. Міне осылар

Аллаһтың белгілеп қойған шекаралары (межесі), оларға

жақындаушы болмаңдар. Аллаһ тағала Өзінің аяттарын

адамдар үшін осылайша ашық түрде баяндайды. Осы-

лайша адамдардың сақтанулары үшін Аллаһ тағала аят-

тарын баян етеді.

(Бақара сүресі 183-187 аят)

* * *ِ

بـــــــِـــــــسْمِ اللِّ الرّحْمَانِ الرّحِيم

وَالصّائِمينَ وَالصّائِمَاتِ وَالْحَافِظينَ فُرُوجَهُمْ وَالْحَافِظَاتِ وَالذّاكِرينَ اللَّ

كَثيرًا وَالذّاكِرَاتِ اَعَدّ اللُّ لَهُمْ مَغْفِرَةً وَاَجْرًا عَظيمًا﴿53﴾

... ораза тұтушы ерлер мен ораза тұтушы әйелдер,

ұятты жерлерін қорғаушы ерлер мен әйелдер, Аллаһты

көп зікір етуші ерлер мен әйелдер; Аллаһ тағала бұларға

жарылқау әрі үлкен сыйлық әзірледі.

(Ахзап сүресі 35 аят.)

* * *