Previous Page  4 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 168 Next Page
Page Background

4

Ораза – теңдессіз құлшылық

шама нығметке шүкірлік айтып, өзара байланыс бол-

сын деп, Аллаһ тағала ғибадат жасап тұруды бұйырды.

Шынайы ғибадат еткеннің бойында ізгі инабаттың,

имандылықтың гүлі өркенін жаяды.

«Имандылықтың белгісі – тілінен тамар шыра-

сы», – деп бабаларымыз айтпақшы, сөзіміздің жібі

үзіліп қалмау үшін, тарамдалған ойды тақырыппен

орайластырайық. Әсілінде, пенденің құлшылығы

Аллаһқа ешқандай пайда да, залал да әкелмейді.

Аллаһ тағаланың мейірім-шапағатына, түгесілмейтін

қазынасына күллі адамзат баласы зәру. Ендеше, пенде-

ге құлшылық керек. Құлшылық – жұмырбастылардың

нығметін арттырып, көңіл көзіне нұр құйып харам-

нан сақтандырып, адалынан ғұмыр кешуге, пайдалыға

ұмтылдырып, пайдасыздан сақтандырып, күнә мен

қателерді жуып-шайып, тозақ отынан алыстатып,

Аллаһтың мейіріміне бөленетін күнге жеткізетін

даңғыл жол іспетті. Шынайы жүрекпен жасалған

ғибадат – әлсіз пенденің рухани кемелденуіне, асау-

дай кейде бой бермей кететін нәпсінің жүгенінде кет-

пеуге, мінез-құлқының көркеюіне, бұл дүниеде емес,

арғы дүниеде шексіз рақатқа батып, мәңгілік жаннат

бағында қалуға сеп болары хақ. Осы орайда жыл он екі

айдың төресі, құлшылық айы қасиетті Рамазан айын

биыл да қуанышпен қарсы алғалы отырмыз.

Қолдарыңызға тиіп отырған бұл шағын кітап

негізінен бұрынырақта жарық көрген Ханафи мәзһабы

бағытымен жазылған Ислам ғылымхалы атты кітаптан

алынды. Кітаптағы оразаға қатысты мәліметтер тағы да

толықтырылды. Оқырманға қызықты ету мақсатында

бірқатар жаңа мәліметтер де қосылды. Оразаға