Previous Page  8 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 168 Next Page
Page Background

8

Ораза – теңдессіз құлшылық

183. Уа, иман еткендер! Сендерден бұрынғыларға

парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді.

Әрине сақтанарсыңдар.

184. Ораза санаулы және белгілі күндерде ғана

өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе

сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін)

басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер

жететіндер (яғни, қарттар немесе әлсіздер қаза болған

әр күнге) бір жарлының (бір күндік екі уақыт) тамағын

(немесе соның құнын) берулері керек. Ал енді кімде-кім

қайырымдылық жасап (аталмыш мөлшерден) асырып

берсе, онысы өзі үшін қайырлы болмақ. Біле білсеңдер

ораза ұстағандарың өздеріңе жақсы.

185. Рамазан айы – адамзатқа жолбастаушы һәм

тура жолға салатын, ақиқат пен жалғанның ара-жігін

ажырататын ең айқын дәлелдерді қамтыған қасиетті

Құран түсе бастаған ерекше ай. Араларыңнан кімде-

кім Рамазан айына аман-есен жетсе ауыз бекітсін. Ал

кім науқас болып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса,

(қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Шы-

нында, Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды, ауыртпалық

артқысы келмейді. Оразаны толықтырғандарыңды

(ұстай алмаған күндердің қазасын өтегендеріңді)

және сендерді тура жолға салғаны үшін Аллаһты

ұлықтауларыңды қалайды. Шүкіршілік етерсіңдер.

186. (Уа, Мұхаммед) егер құлдарым сенен Мен ту-

ралы сұраса, Мен оларға өте жақынмын, Маған жалба-

рынып дұға еткеннің дұғасын қабыл аламын. Ендеше

олар да Менің шақыруыма құлақ асып, иман келтірсін,

әрине тура жол табады.

187. Сендерге ораза ұстаған түні әйелдеріңмен

жақындасу халал қылынды. Олар сендер үшін