Previous Page  3 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 168 Next Page
Page Background

3

Аңдатпа

Аса қамқор, ерекше мейірімді де рақымды Аллаһ

тағаланың атымен бастаймын!

Жоқтан бар етіп, ұшы-қиыры жоқ тұңғиық әлемді

шексіз нұрына бөлеп, ерекше құдіретімен жеті қат көкті

жаратқан, әспеттеп, адамзат баласына сый табақтай

етіп ұсынған, барша жаратылыстың сырына қанық,

әуелі мен ақыры болмаған Аллаһ тағалаға мақтау мен

мадақтаулар болсын!

Төрткүл дүниеге рақым етіп жіберілген,

қараңғылыққа сәуле болып таралған, ақыл иесі

адамзаттың барлығы рухани шөлін қандыратын кәусар

хауыз секілді мөп-мөлдір саф қалпын сақтаған, он сегіз

мың ғаламға сардар болған Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

пайғамбарымызға Аллаһ тағаланың сәлемі мен

игілігі болсын!

Ислам діні – жалпы мұсылман қауымына ғана

арналған жол емес, барша адамзатқа тиесілі енші.

Исламның негізгі қайнары – таухид, адалдық,

шыншылдық пен әділеттілік, ақиқаттан бастау алып,

қасиетті қағидалары арқылы адам баласын ізгілік

пен бейбітшілікке үндеп, мейірімділік пен достыққа

шақырып, одан әрі Аллаһ тағала түсірген қасиетті

Құран кәріммен астасып жатыр. Ислам – ақиқатты

тануға ұмтылған пенделердің жолына шамшырақ,

қорғансызға пана, әлсізге қуат, жалғандықтың жо-

лын кесіп, қараңғылықты қақ жарып, тура жолды

меңзеген көктегі Темірқазықтай мызғымас бақыттың

бақшасы. Сол бақшада тіршілік кешетіндерге осын-