Previous Page  5 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 114 Next Page
Page Background

7

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

6. «Сөзсіз, Аллаһ мүминдерге үлкен қамқорлық

етті. Өйткені, оларға өз араларынан пайғамбар

жіберді...».

6

Аллаһ Тағала құлдарының өзіне лайықты түрде

құлшылық ете алмайтындықтарын білгендіктен бойы-

на мейірім мен рақымшылықты дарытып жаратқан

сүйіктісін оларға елші етіп жіберді. Оған (пайғабарға)

еруді, бас июді өзіне бас ию деп санады да былай деді:

7. «Кімде-кім Пайғамбарға бағынса, ол Аллаһқа

бағынған болады».

7

Аллаһ Тағала өзін сүюдің жолын Оған еру және

Оған тәуелді болу шартымен байланыстырып, былай

бұйырды:

8. «Әй, ардақты Пайғамбар! Былай деп айт:

«Аллаһтысүйсеңдер, маған еріңдер. Аллаһ та сендерді

сүйсін және күнәларыңды кешірсін».

8

Оған еру, әрине, Аллаһтың махаббатына жеткізеді.

Өйткені Аллаһ Тағала Оны көркем мінезді етіп

жаратқан еді.

9. «Расында, сен аса көркем мінез иесісің».

9

Себебі, Аллаһ Тағала Оның жүрегін сеніммен, Ис-

лам жолымен және пайғамбарлық нұрымен ашып,

ғылыммен, хикметпен толтырған.

10. «(

Әй, Мұхаммед!

) Сенің көңіл көкірегіңді

6. Әли-Имран сүресі, 164-аят.

7. Ниса сүресі, 80-аят.

8. Әли-Имран сүресі, 31- аят.

9. Қалам сүресі, 4-аят.