Previous Page  12 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 114 Next Page
Page Background

14

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ПАЙҒАМБАРҒА ДЕГЕНМАХАББАТ

Құран Кәрімдегі мына аят-кәрима

Пайғам-

барымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүю-

дің қажет екендігінің және Оның осы махаббатқа

лайық екендігінің дәлелі. Аллаһ Тағала былай айтады:

1. «

(Әй, Мұхаммед!)

Оларға айт: егер әкелерің,

балаларың, ағайындарың, әйелдерің, туысқандарың,

жиған мал-мүліктерің

(дүниелерің)

, тоқтап қала

ма деп қорыққан саудаларың, жақсы көрген үй-

жайларың сендерге Аллаһтан, Пайғамбарынан және

Аллаһ жолында соғысудан артық көрінсе, онда

сендер Аллаһтың әмірі келгенше күтіңдер. Аллаһ

пасықтар қауымын тура жолға салмайды».

29

Бұл аяттағы

«Онда сендерАллаһтың әмірікелгенше

күтіңдер»

дегенінде мал-мүлкі, туысқаны, балашағасы

және саудасы өзіне Аллаһ пен Расулінен артық сүйкімді

көрінетін адамдардың жағдайларының жаман екендігі

және азапталатындықтары баяндалған.

2.

«Пайғамбар мүминдерге өз жандарынан

(нәпсілерінен)

да аяулы. Пайғамбардың жұбай-

лары - оларға ана».

30

Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне

деген сүйіспеншілік жайлы былай дейді:

1.

«Ешбіріңіз мені өзінен баласынан, ата-анасынан

және бүкіл адамдардан да жақын тартып, сүйіктісі

етпейін-ше, толық иман еткен бола алмайсыздар.

31

29. Тәубә сүресі, 24-аят.

30. Ахзаб сүресі, 6-аят.

31. Бұхари, Иман 8; Мүслим, Иман 69.