15
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
2. «Кімде мына үш ерекшелік-қасиет болса, ол
иманның ләззатын алады:
а. Аллаһ пен Расулі өзіне барлық нәрселерден
сүйікті болу,
ә. Сүйгенін тек Аллаһ үшін сүю,
б. Күпірліктен құтылғаннан кейін одан отқа таста-
лудан қорыққандай үрейлену».
32
Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) бір күні Пай-
ғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бірге отырған еді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) Хазіреті Омардың (радиаллаһу
анһу) қолын алақанына қойды. Сонда Хазіреті Омар
(радиаллаһу анһу):
«Аллаһқа ант етемін, сен маған өз жаным-
нан басқа барлық нәрседен де сүйіктісің», - деп
Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
деген махаббатын көрсетті. Бұған Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Мен саған жаныңнан да артық болмайын-
ша иманың кемелденген болып саналмайды», -
деп
бұйырды. Ал, Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу):
«Сені Құранмен жіберген Аллаһқа ант етемін, енді
сен маған өз жанымнан да аяулысың», - дегенінде,
ол:
«Ей Омар, енді иманың кемелденді»,
- деді.
33
Осы тұста мынадай бір сұрақ туындауы мүмкін.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
32. Нәсәй, Иман 2-4; Ибн Мәжә, Фитән, 23.
33. Бұхари, «Әйман ән-Нур».