Previous Page  19 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 114 Next Page
Page Background

21

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Осы тақырып жайында хадис өте көп. Дегенмен бір

хадисте:

«Жұма күні маған көптеп салауат пен сәлем айтың-

дар. Өйткені, сол күні сендердің салауат пен сәлемдерің

маған тез арада жеткізіледі», -

дейді. Сахабалар

сұрайды:

«

Уа, Расулұллаһ!Қабіріңіздешіріп жатқаныңызда

біздің салауат пен сәлеміміз сізге қалай жетеді?». Сонда

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айта-

ды:

«Аллаһ Тағала жер жүзіне пайғамбарлардың

денелерін жеп шірітуіне тыйым салған».

42

«Біреу маған

сәлем бергенде, Аллаһ маған рухымды өзіме қайтарады

да, оның сәлеміне үн қатамын».

43

Өйткені Аллаһ Тағаланың пайғамбары әрқашан да

тірі, Хақ Тағала оның тілегін үнемі қанағаттандырады.

44

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) жоғары мәртебелер мен орындардағы

рухы оның денесімен байланысын әрқашан жал-

ғастыра береді. Айтылған салауат пен сәлемдердің

мақсаты - Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) махаббатына, құрметіне жету. Өйткені, адам

құлай сүйгенін үнемі еске алады және ол адамын беріле

сүйеді.

42. Ахмет бин Ханбәл, Ибн Мәжә, Жанайз, 1636; Нәсәй, Жұма,

5

43. Әбу Дауд, Мәнәсиқ 94.

44. Ибн Мәжә, Жанаиз, 1637.