25
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
А. ХИЛИЯ МЕН ШӘМАЙЛИ (Маңдайша мен
мінез-құлқы)
Барлық пайғамбарлар жаратылыс жағынан адам-
зат атаулының ең сүйкімдісі, әрі ең кемелдісі. Біздің
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
да бүкіл адамзаттың, әрі пайғамбарлардың ең
кемелдісі. Аллаһ Тағала оны теңдесі жоқ рухани
ерекшелігімен бірге, теңдесі жоқ құдіретті де сәнді
етіп жаратқан. Өздері мұны былай түсіндіреді:
«Аллаһ жіберген бүкіл пайғамбарларына жағымды
дауыс пен ажарлы келбет берген».
Сендердің пай-
ғамбарларыңды да жағымды дауысты, әрі әдемі кел-
бетті етіп жіберген.
45
Аллаһ Елшісінің жаратылысы мен мінез-құлқын
сөзбен түсіндіретін жазбаларды «Хилия» немесе
«Шәмайл» дейді. Оның мінезі мен жаратылы-
сын баяндайтын шығармалар бақытты дәуірден
(Хазіреті Пайғамбар өмір сүрген кезең) бері күні
бүгінге дейін маңызы зор құнды деректер болып та-
былады. Сахабаларының айтқандарына қарағанда
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хилиясы мынадай еді:
45. Ибн Сағд, Табақат, 1-том, 376