Previous Page  26 / 114 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 114 Next Page
Page Background

28

 

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Пайғамбарымыздың жүзі өте көркем, әрі

сүйкімді еді

»

- деп еске алады.

50

Б. АДАМДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

1

.

Сөйлеуі мен Күлуі

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

адамдармен сөйлесуі балдай тәтті, әрі әсерлі еді. Қаз да-

уысты еді, сөздерді анық айтатын, тіпті, тыңдаушылары

сөздерін жаттап та алатын. Айтқандарын, көбінесе, үш

рет қайталайтын, сөйлеп тұрған кезінде басын жоғары

ұстайтын. Ешкімге жаман сөз айтпайтын және ешкімнің

сөзін бөлмейтін. Мылжың сөз бен құрғақ сөзге әсте жоқ

еді.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

алғашқы жұбайы Хазіреті Хадиша (радиаллаһу анһә)

анамыздың б і р і нші күйеуінен Хинд деген бір ұлы

бар еді. Хинд (радиаллаһу анһу) сөзге мықты, шешен

еді. Хазіреті Хасан (радиаллаһу анһу) бір күні Хинд-

тен (радиаллаһу анһу):

«Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) сөйлеу мәнері қандай еді?» - деп сұраған еді.

Ол: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

(Аллаһтың ұлылығы және адамзат ішінде болған ахуал

турасында) өте терең ойланып, үнсіз отыратын.

Қажетсіз жерде сөйлемейтін» - деген.

Сөйлегенде әр сөзді түсінікті, әрі айқын айта-

тын. Әлденені нұсқағанда, қолын толық көтеретін. Бір

50. Мүслим, Фадайл, 92-93