32
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
еленбеген арпа ұнынан жасалған нанды жейтін. Қиярды
жаңа піскен құрмамен және тұзбен жегенді жақсы
көретін.
Жеміс-жидектерденеңжақсыкөретінікептірілмеген
құрма, қауын, қарбыз және жүзім еді. Кейде жаңа
піскен құрма жейтін. Қарбызды шекермен, нанмен
жейтін. Қауын-қарбызды екі қолыменжейтін. Құрманы
оң қолымен жеп, сол қолына сүйектерін жинайтын.
Жүзімді кейде бауымен аузына апарып жеген кезі де
болған. Тамағы көбінесе құрма мен судан тұратын.
Құрманы сүтпен бірге жеген кезінде:
«Ең жақсы тағам!» -
дейтін.
Ет пен етті тамақтарды жақсы көретін. «Тирит» де-
ген тамақты асқабақпен жейтін. Асқабақты да жақсы
көретін және асқабақ жайлы былай дейтін:
«Ол
–
бауырым Юнустың көкөнісі».
Ауланған құс етін жейтін, бірақ өзі ауламайтын.
55
Ет жегенде басын төмен қарай имей, етті аузына
жақындатып, тістеп жейтін. Қойдың аяқ, сан еттерін
ұнататын. Бақырда піскен асқабақты, сіркеге
(жүзімнің суы, уксус сияқты) туралған нанды және
әжуә құрмасын жақсы көретін.
Тамақтың жұғынын саусақтарымен жалап жейтін
де:
«Тамақтың соңы берекелі”,
56
- дейтін.
55. Ихия, II. 369, Ибн Мәжә, Атимә. 62.
56. Ихия, II, 371, Бәйхақидан.