38
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
һиуә сәлләм) одан:
«Күн көру үшін ешқандай амалың жоқ
па?» -
деп сұрағанда, ол: «Бар!» - депжауап қайтарған соң:
«Аллаһтың нығметтеріне қол жеткізіпсің, олай болса,
үстіңнен нығметтің әсері көрінсін», - деп бұйырған.
69
Қараңғылықтың әдеттерін қоя алмаған кейбір
адамдар жерге түкіріп, тіпті, мешіттерде құлшылық
ету кезінде де осы жаман қылықтарын жасайтын.
Тазалыққа ешқандай мән бермей, көшелерді, жол-
дарды, тіпті, саялы, көлеңкелі ағаштың астын да ла-
стап, дәретті бұзатын еді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) осындай жаман қылықтардан қатты
жиіркенетін еді. Бір күні осындай қылықты байқап
қалып, қатты ашуланып, киелі жүзі қып-қызыл болып
кеткен еді.
70
Оның ашуланғанын байқаған ансарлық бір
әйел айналаны тазалап, Расулұллаһтың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) ризалығын алған еді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
шалғаш, пияз, сарымсақ және жуа секілді жаман иісті
тағамдардың и і с і н жақтырмайтын. Осы сияқты
нәрселерді жеген кісілердің мешітке кірмеулерін
және көпшілікпен араласпауын сұрайтын еді.
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) мәжілістерінде (жиналыстарында) хош иісті
шөптер түтетіліп, осылайша жамағаттың жақсы дем
алуына көңіл бөлінетін еді. Жұма күні мешітке әдемі
иістің себілуін бұйыратын еді.
69. Әбу Дәуіт, Либас, 14.
70. Нәсай, Мәсажид, 8.