42
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу
аләйһи
уә
сәлләм) құзырында сөз сөйлегісі келген адам ата
тегіне, дәулетіне, не үстемдігіне қарай емес, білімі мен
қасиеттеріне қарай бағаланатын.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
алдымен кедей-кепшіктерді тыңдап, оларды керек-
жарақтарымен қамтамасыз ететін. Құзырында отыр-
ғандар бастарын төмен иіп отыратын. Өзі де барынша
ашық-жарқын отыратын. Сөз айта бастағанында
барлығы да құлақ аса қалатын. Мәжілісте біреу сөз
сөйлеп жатқанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) оның сөзін бөлмейтін. Егер
айтылған сөзге риза болмаса, естімегендей болып отыра
беретін. Бір мәселе жайында сөз қозғалған кезде, өзі де
ой-пікірлерін ортаға салатын. Сөз кезінде бір әзіл ай-
тылса, мәз болып, қарымта қайтаратын еді.
Мәжілістегі әр адамға жеке-жеке көңіл бөліп,
барлығына сұхбаттан бұйырғанын беретін. Мәжілісі
ақ көңілділік пен тыныштық мәжілісі болатын. Бұл
мәжілістердің мақсаты тәрбие мен туралықты көрсету
мәжілістері еді.
Мәжіліске қатысқан әрбір адамның қал-ахуалын
сұрағанда, олардың мұқтаждарын да білуді қалайтын.
Кейбір кісілерді аса құрметпен, әрі сүйіспен-
шілігіненорнынантұрыпқарсыалатынеді. Бірак, өзі үшін
өзгелердің орындарынан тұруларын қаламайтын,
Хазіреті Фатима (радиаллаһу анһә) келгенде Пай-
ғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) орнынан